Жұма, 22 қараша, 23:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

25 жаста үйленуге болмайды – Этнограф

31.07.2023

457 0

Этнографтар қазақта 25 жаста үйленуге болмайды деген ырымның бар екенін айтты. Мамандар мүшел жас болған соң осы кезеңде көтерген шаңырақ көп ұзамай шайқалатынын жеткізді. Тіпті бұл жаста қыз да ұзатылмайды, енші де берілмейді екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Этнограф 25, 37 және 49 жаста үйленбегенін айтады. Өйткені мүшелде отау құрса, оның қайыры болмай мал-дүниесі шашылып, берекесі кетеді деп санаған екен. 

“25 жасқа келгеннен кейін мүшел жас қатерлі дегеннен кейін қорқады да содан кейін той жасамайды. Мал шашылады той жасаса, болмаса өміріне қауіп төнеді. Болмаса ажырасып кетемін, ауырып қаламын, иә сондай бір қауіптерге ұшыраймын деп ойлайтын болса, ол сеніміне байланысты. Ауырады, мал дүниесі шашылады”, – деді этнограф Болат Бопайұлы.

Маман бүгінде бұл ырым-тиымға мән беріп жатқандар шамалы дейді.

Қатерлі кезеңге байланысты халықтың да пікірі сан алуан болып шықты. Бірі қазақ біліп айтқан десе, енді бірі сенбейтіндіктерін жеткізді. 

“Әрбір мүшел жаста да отбасын құруға болмайтын шығар деп ойлаймын. Өйткені халық бекер ырымдамаған. Бекер емес қой ол”, – деді тұрғын Гүбәйре Әбділбаева.

Ал психологтар бұл жаста адамдарда психологиялық күйзелістің көп орын алатынын айтады. Себебі көпшілік бұл кезеңде осы күнге дейін істегендерін ой елегінен өткізіп, болашаққа сенімсіздікпен қарайды екен. 

“Жалпы адам неден қорқады, соған тап болады. 25 жаста адам көбіне күйзеліске ұшырап жатады. Өміріне қанағаттанбаушылық көп кездеседі. Өзінің өткен өміріне үңіліп жатады. Осы кезде өзіне көңіл толмаушылық пайда болуы мүмкін”, – деді психолог Айнагүл Ибраимбекова. 

Ал нумеролог Құралай Бақытқызының пайымынша, 25 жас отау құруға нағыз қолайлы жас екен. Ал заман өзгерген соң өткеннің ырым-тиымы ұмытылады. Мамандар таңдау жасау әркімнің өз еркінде екенін айтады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: