Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

45 ауыл картадан жойылмақ

24.11.2024

410 0

Сурет:pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 45 ауыл қысқартылады. Қазір осыған байланысты әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысы шықты. Бұл елді мекендерде 10 адамнан аз тұрады. Енді жергілікті билік өкілдері оларға «болашағы бар» деген ауылдарға көшуге көмектеседі. Бұл туралы  “Хабар 24” арнасы хабарлайды.

Өңірде жабылайын деп тұрған ауылдың бірі Краснопёровка. Кезінде бұл елді мекенде 120 үй болған. Тоқырау жылдары кеңшар тарап, жұмыссыз қалған тұрғындар жан-жаққа көшіп кеткен. Соңғы сегіз жыл мұнда екі-ақ адам тұрады. Солардың бірі – Атлас Файрушин. Ол осы ауылға 90-жылдары көшіп келген. Қазір әйел, бала-шағасы қалада тұрады. Ал өзінің көшкісі жоқ. Елде азын аулақ қой ұстайды. Ескі болса да тракторы бар.

“Мен өзім қалада тұра алмаймын. Көп болсам, қан қысымым көтеріліп кетеді. Кезінде бұл үлкен ауыл еді. Кеңшарда 12 мың мал болды. Қазақ, орыс, татар – бәріміз тату-тәтті өмір сүрдік”, – дейді Краснопёровка ауылының тұрғыны Атлас Файрушин.

Солтүстік Қазақстан облысында биыл адам саны оннан аспайтын 45 елді мекен қысқартуға ұшырайды. Бұл мәселе облыстық әкімдік, мәслихат пен қоғамдық кеңесте қаралып, тиісті қаулы шығарылды.

“Бұл ауылдарда 10 адамнан кем тұрады. Орташа есеппен жалпы мысалы 3 адам тұратын бар, 5 адам тұратын бар, ауылдар бар. Осы 45 ауылдың ішінде жетеуінде мүлде тұрғын жоқ. Бұл азаматтарға басқа перспективасы жоғары ауылдарға көшуге көмек көрсетіледі”, – деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Тимур Әбдірешов.

Заң бойынша 50 адамнан аспайтын ауылдар жабылуға тиіс. Оларға экономикалық тұрғыдан қаржы бөлу тиімсіз болып саналады. Қазір облыста осындай 141 елді мекен бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: