Сәрсенбі, 01 қазан, 17:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

49 млн теңге шығын: Астанада алаяқ «арзан» пәтер мен жер уәде етті

01.10.2025

49 0

Фото: freepik.com

Астанада алаяқ жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті төмендетілген бағамен сатып алуға көмектесемін деп уәде беріп, 8 жәбірленушіге 49 млн теңгеден астам залал келтірген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жәбірленушілерден ірі мөлшерде ақша қаражатын алған соң, ол қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Мысалы, жәбірленуші кінәлі тұлғаға жер учаскесін төмен бағамен сатып алу және ұлттық компанияға жұмысқа орналастыру үшін 7 млн теңге берген. Алайда сотталушы өз уәдесін орындамаған.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеп, оның 8 жәбірленушіге 49 млн теңгеден астам залал келтіргенін анықтады. Сот үкімімен оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Материалдық шығын өндірілді, – деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін жалған құжат жасатқан мемлекеттік қызметшінің ісі әшкере болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: