Дүйсенбі, 13 қазан, 13:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№77, 2189
11.10.2025
PDF мұрағаты

5 ұл тәрбиелеп отырған отбасында үшем дүниеге келді

13.10.2025

152 0

Фото: Ұлттық статистика бюросы

Түркістан облысында 38 жастағы келіншек екі қыз және бір ұлды дүниеге әкелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сауран ауданы Оранғай ауылдық округі, Қосқорған елді мекенінде Исрайловтар отбасында үшем дүниеге келді.

38 жастағы Махру Каримова бес ұлынан кейін 2 қыз бен 1 ұлды дүниеге алып келді. Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы демалыс күні үйге шығарылды. Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 35 аптасында жоспарлы кесір тілігі арқылы дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 1940 грамм болса, екіншісі – 2100 гр, үшіншісі 2000 гр салмаққа жеткен, деп хабарлады Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Үшемдерге Сафия, Амир және Хадия деген есім қойылды. 

5 ұл тәрбиелеп отырған отбасында үшем дүниеге келді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: