Ресейде Неміс ұлттық округіне қарасты Гришковка ауылы маңында Шымкент-Новосибирск бағытымен келе жатқан жолаушылар автобусы аударылып қалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Оқиғаға автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалуы себеп болған. Автобуста 56 адам болған – екі жүргізуші және 54 жолаушы, оның ішінде үш бала. Жол-көлік апатынан жеті адам зардап шеккен. Бір адам ауруханаға жеткізілді.
Автобус тек аударылғаны болмаса, жүріп тұр. Оны жүргізушілер Қазақстанға аалып кетті. Ал жолаушыларды межелі жеріне жеткізу үшін басқа автобус берілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!