Жексенбі, 15 наурыз, 12:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19 (2231)
14.03.2026
PDF мұрағаты

№56 референдум учаскесінің аумағына «Этноауыл» тігілді

15.03.2026

74 0

Фото: №56 референдум учаскесі


Әйтеке би кентіндегі Оқушылар үйінде орналасқан №56 референдум учаскесінде тұрғындар саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауын жасауда.

№56 референдум учаскесінің аумағына «Этноауыл» тігілді


Наурызнама онкүндігі аясында учаске маңында арнайы Этноауыл ұйымдастырылып, ұлттық дәстүрлер кеңінен насихатталуда. Этноауылда алтыбақан құрылып, келушілерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Дауыс беруге келген тұрғындарға наурыз көже мен қазақтың ұлттық сусындары ұсынылып, ұлттық нақыштағы қонақжайлықтың үлгісі көрсетілді.
Сондай-ақ, жыршы-термешілер де өз өнерлерін ортаға салды. Ал жасы үлкен қарияларымыз бен ақ жаулықты аналарымыз елдің амандығын тілеп, ақ баталарын беріп, жастарды бірлікке, ел болашағына бейжай қарамауға шақырды.

№56 референдум учаскесінің аумағына «Этноауыл» тігілді
№56 референдум учаскесінің аумағына «Этноауыл» тігілді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: