Сурет ашық дереккөз
Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарына үміткерлердің ұсыным құжаттарын қабылдау аяқталғаны белгілі.
Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, Қызылорда облысының мәслихаттарына барлығы 152 депутат сайлануы қажет болса, оның ішінде 32-і облыстық мәслихат, 23-і қалалық, 97-і аудандық мәслихат депутаттығына сайланбақ.
Облыс бойынша барлығы 590 ұсыныс келіп түсті. Парламент Мәжілісіне облыс үшін бір мандаттық №21 округ белгіленген. Оған барлығы 15 үміткер құжат ұсынды. Оның ішінде 10-ы өзін-өзі, 1-і қоғамдық бірлестік, 1-і «Ауыл», 1-і ЖСДП облыстық филиалы, 1-і «Аманат», 1-і «Ақжол» партиясы тарапынан ұсынылды.
Облыстық мәслихат депутаттарын партиялық тізімдер арқылы 6 саяси партиядан 67 кандидат ұсыным құжатын тапсырды.
«ҚХП» партиясы – 4 кандидат,
«Аманат» партиясы – 34 кандидат,
«Ауыл» партиясы – 4 кандидат,
«Байтақ» партиясы – 5 кандидат,
«Республика» партиясы – 7 кандидат,
«Ақ жол» партиясы – 13 кандидат ұсынды.
Саяси партиялар құжаттарды Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес ұсынып, әрбір партиялық тізімде әйелдер мен 29 жасқа толмағандардың саны кемінде 30 пайызды құрады.
Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 16 бір мандаттық аумақтық сайлау округінде 58 кандидат, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарын сайлауға 450 кандидат ұсынылды.
Орташа есеппен бір мандатқа 3 адамнан келеді. Ең үлкен бәсекелестік №4,6,16 округтерде, яғни 5 адамнан ұсынылған.
Кандидаттардың ең жасы 2002 жылғы екен.
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!