Сенбі, 21 желтоқсан, 22:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

6 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал

06.09.2023

476 0

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Бір күнді жаныңызға жақын адамдарға арнаңыз және ашуыңызға тиіп, мазаңызды қашыратын адамдардан сақтаныңыз. Олар психологиялық тұрғыдан сізге жағымсыз әсер қалдырып, материалдық зақым келтіруі мүмкін. Үйіңізде өсімдік өсіргіңіз келіп жүрсе, бүгін бұған оңтайлы күн болмақ. Суккуленттерді өсіріп көріңіз: кактустар мен хавортияларды өсіру қиынға соқпасы анық.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Серіктесіңізді жиі құшақтап, сүйіңіз. Бірге болғаныңызға біраз жыл болса да, бұл өте маңызды. Сол себепті кейінге қалдырмаңыз. Бүгін сүйіктіңізбен жанжалдасу қаупі бар. Жанжал туындаған жағдайда, серіктесіңізге тыныштық пен эмоциялардан арылуға уақыт беріңіз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Балаға кінә артар алдында оның жасында өзіңіздің қандай болғаныңызды еске түсіріңіз. Бәлкім сіз де ата-анаңызға көп проблемаларды «тарту» еткен боларсыз?!

Үйдегі міндеттер барлық отбасы мүшесіне теңдей үлестірілгенін қадағалаңыз. Тұрмыстың барлық проблемасын өзіңіз ғана көтермеңіз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін кішкентай кезіңізді еске алып, көңіл-күйіңіз түсуі мүмкін. Сағынышыңыз туралы ата-анаңызға немесе жақындарыңызға айтыңыз. Мұндай сәттер ұмытылмайды.

Жиналыс барысында әріптестеріңізбен талқылағыңыз келетін тезистеріңізді жазып, оның нәтижелерін қысқаша сипаттаңыз. Сол кезде іскерлік байланыс сіз үшін әлдеқайда өнімді болады.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Егер сіз өзіңізді дәмді тағаммен қуанту үшін жоғарыдан белгі күтсеңіз – міне 🙂 Серіктесіңіздің ашық әңгімесі сізге кері әсерін тигізуі мүмкін болса, онда оның сырын тыңдамай-ақ қойыңыз. Түрлі даулардан сақ болыңыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Достарыңызға тәуелді болмауға тырысыңыз: олардың өз өмірі бар, оларда сізбен сөйлесуге уақыт пен күш-жігер жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл күні жаңа таныстар табуға тырысыңыз, іскерлік келіссөздер жүргізіңіз, әлеуетті серіктестермен танысыңыз. Идеяларыңызды жүзеге асыруға көмектесетін жандардың қызығушылығын оятуға тырысыңыз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Бір саусағы бүгулі жандар үшін күшіңізді сарп етпеңіз. Сізге нағыз дос емес жанмен қарым-қатынасты тоқтатудың кезі келді. Жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз, сіздің дана кеңесіңіз біреуге көмектесуі мүмкін. Бүгін, әсіресе, әдепті болыңыз: тіпті ойда жоқ әзілдер де көңіл-күйді бұзып, туыстарымен арақатынасқа сызат түсуі ықтимал.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Егер жақындарыңыздың қателігін бетке айтқыңыз келсе, ойланыңыз. Бәлкім ол адам сіздің де талай кемшіліктеріңізге көз жұма қараған болар? Егер сіз ұзақ уақыт бойы спортпен айналысқыңыз келсе, бірақ жаттығу залына көп ақша жұмсап, жаттығуларды жіберіп алудан қорықсаңыз, көптеген спорт залында бірінші сабақ тегін екенін ұмытпаңыз. Сіз бірнеше жерге барып, өзіңізге ұнайтын жаттықтырушы мен жаттығу түрін таңдай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін дене шынықтырумен айналысу сізге жақсы әсер етеді. Дәстүрлі медицина көмегімен денсаулықты қалпына келтіру қиын емес. Мәселе күрделене түсіп, бюджетіңіз үшін салмақ салатындай деңгейге жетпей тұрғанда, көлігіңізге жөндеу жүргізгеніңіз абзал.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін сыртқы келбетіңізге кез келген өзгерістер жасау үшін ең қолайлы күн. Таңдаулы фотосуреттерді басып шығару және әдемі альбомға орналастыру арқылы телефоныңыздағы суреттердің көшірмесін жасаңыз. Телефоныңыз сынып қалып жатса, сіз өзіңізге қымбат естелік болар суреттерді жоғалтпайсыз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Киім дүкендеріндегі жеңілдіктерге алданып қалмаңыз: бүгін сіз кейін өкінетін импульсивті сатып алу жасауыңыз әбден мүмкін. Қарым-қатынас жасау қиын болады, сондықтан даулардан аулақ болыңыз. Күнді өзіңізге арнаған дұрыс: саябақта серуендеп, дүкен аралауға уақыт бөліңіз. Осылайша денсаулығыңыз бен көңіл-күйіңізді жақсартыңыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Айналаңыз у-шу мен түсініспеушіліктерге толы болғандықтан, жұмысқа баса назар аудару қиынға соғады. Мәселелерді шешу үшін әдеттегіден көп күш жұмсауға тура келеді. Мұндай жағдай сіздің ашуыңызды келтіруі мүмкін. Жан тыныштығын қалпына келтіріңіз, сонда сіз көптеген пайдалы істі сәтті аяқтай аласыз. Эмоцияларды көрсету қалыпты және дұрыс, бұл туралы отбасыңызбен сөйлесіңіз.

Ақпарат көзі: nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: