№60 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарда зейнетке шыға алады.
Жаза мерзімін өтеуші сотталғандар жасына байланысты зейнетақыны рәсімдеу бойынша көмек туралы өтініштерімен заң тобына қабылдауға жиі жүгінеді.
Бұл жағдайда құжаттарды рәсімдеуімен мекемеміздің заңгері Ардақ Кеңшілікқызы айналысады.
Бүгінгі іс-шарада сотталғандарға зейнетке шығуына байланысты рәсімделген куәлікті мекеменің заңгері Ардақ Кеңшілікқызы өз қолымен табыстап, арнайы құттықтау лебізін білдірді.
Зейнет куәлігін алған сотталған азаматтар да мекеме қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
–Тағдырлары сан-қилы теміртордағы жандар да еліміздің толыққанды азаматтары. Зейнетке шығу – өмірдің кезекті жаңа бастамасы. Сондықтан жазасын өтеуші азаматтар да осындай атаулы күнді сезініп, көңілдеріне жылулық сыйлауды жөн көрдік, – деді тәрбие жұмыстары жөніндегі мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ускенбаев Алтынбек Тұрарбекұлы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!