Жұма, 30 мамыр, 12:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39,2152
27.05.2025
PDF мұрағаты

«660 млн теңге: Қаржаубай Нұрымов айыпталушылардан моральдық шығын талап етті

29.05.2025

193 0

Бүгін 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Осы сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаттары сотталушылардан жәбірленушілердің пайдасына моральдық және материалдық шығын өндіру туралы өтініш берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«1. Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына ұлының жерлеу рәсіміне жұмсалған шығын ретінде Абзал Шынасылдан 2 млн 794 мың теңге материалдық шығын өндіру;

2. Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына моральдық өтемақы ретінде Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтің әрқайсынан 50 млн теңгеден, жалпы сомасы 100 млн теңге өндіру;

3. Гүлбара Бишімбаеваның пайдасына моральдық өтемақы ретінде Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтің әрқайсынан 50 млн теңгеден, жалпы сомасы 100 млн теңге өндіру;

4. Жұмабике Қадырованың пайдасына моральдық өтемақы ретінде Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтің әрқайсынан 50 млн теңгеден, жалпы сомасы 100 млн теңге өндіру;

5. Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына моральдық өтемақы ретінде Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтің әрқайсынан 20 млн теңгеден, жалпы сомасы 120 млн теңге өндіру;

6. Гүлбара Бишімбаеваның пайдасына моральдық өтемақы ретінде Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтің әрқайсынан 20 млн теңгеден, жалпы сомасы 120 млн теңге өндіру;

7. Жұмабике Қадырованың пайдасына моральдық өтемақы ретінде Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтің әрқайсынан 20 млн теңгеден, жалпы сомасы 120 млн теңге өндіруді сұраймыз»,  – деді жәбірленушілердің адвокаты.

Жәбірленуші тарап сұраған материалдық және моральдық шығынның жалпы сомасы 662 794 мың теңгені құрады.

Осы талап-арызға байланысты сот үзіліс жариялады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: