Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«7-20-25» бағдарламасы жалғаса ма?

09.12.2022

950 0

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жұртшылықтың баспаналы болуы үшін тиімді бағдарламалардың бірі – «7-20-25» бағдарламасы. Бүгінде бұл бағдарламаның орнына жаңа бағдарлама іске қосылатыны айтылған еді, сондай-ақ бұл бағдарлама жалғасуы мүмкін деген ақпараттар да айтыла бастады. Бір айта кетерлігі құрылыс компаниялары бағдарламаның жалғасқанын қалайды. Бағдарлама аяқталып қалса, тұрғындардың тұрғын үй алуға қабілеті төмендеп қала ма деген қауіп те жоқ емес. Сол себепті бағдарлама мерзімін ұзарту керек деген ұсыныстар да жоқ емес.

«Бұл ретте ипотекалық несиелеудің ең ұзақ мерзімін 35 жылға дейін ұзарту қажет», – деп санайды Қазақстан құрылысшылар одағы төрағасы Талғат Ерғалиев. Олар бағдарланы 7-20-25 емес, 7-20-35 деп өзгертуді қалайды. Себебі елімізде тұрғын үйге мұқтаждық толық шешімін тапқан жоқ.

Бүгінде Қазақстан халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жағынан 113 мемлекеттің ішінде 33-ші орында. Құрылысшылар одағының дерегі бойынша бүгінде елімізде тұрғын үйге мұқтаж халық саны 4,5 млн-ды құрайды. 2030 жылға қарай бұл сан екі есеге көбейіп 10 млн-ға жетпек.

Мұнан бөлек, ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін 16,75% – ға дейін ұлғайту ипотека бойынша мөлшерлемені 18% – ға дейін көтеруге әсерін тигізеді. Құрылысшылардың айтуынша, еліміздегі ипотекалық несие қарапайым халық үшін қолжетімді болмай барады.

«Мәселен, пәтерді жылдық 18% пайыздық мөлшерлемемен 22,04 млн теңгеге сатып алар болса, бастапқы жарнасы 4,4 млн теңге (20%), кредит сомасы 17,6 млн теңгені құрайды. 20 жыл мерзімде ай сайынғы төлем 272 197 теңгеге тең болады, бастапқы жарнаны қосқанда толық шығын 69,7 млн теңгені немесе қарыздың бастапқы сомасының 270 % –ын құрайды», – деді Құрылысшылар одағының басшысы.

Құрылысшылар әлемде орын алған пандемияның әсері тұрғын үй бағасын шарықтатып жібергенін айтады. Тасымал қызметінің үзіліп қалуы, тұрғын үй құрылысына қажетті материалдардың қымбаттауы баспана бағасын тұрақты ұстап тұурға мүмкіндік бермеді. Мамандардың пікірінше, құрылысқа қажетті құрылыс материалдары түгел өзімізді-өзіміз қамтамасыз етпейінше, мәселе толығымен шешімін табу қиын.

Айта кетелік, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев «7-20-25» бағдарламасын жалғастыру жоспарланып отырғанын айтқан еді. Оның айтуынша, толық ақпаратты Ұлттық банктен алған жөн.

Ұлттық банк бұл бағдарлама бойынша әлі қанша қарыз берілетінін болжады. Мысалы, 2022 жылы берілген несиенің орташа мөлшері мен «7-20-25» бағдарламасына бөлінген қаржыны есептегенде шамамен тағы 16,7 мың қарыз берілуі мүмкін.

«Несие беру қарқыны мен несие саны төлем жасауға қабілетті азаматтар тарапынан тұрғын үйге деген сұраныс және бағдарлама бойынша берілетін жаңа тұрғын үйлердің санына байланысты. Қазіргі қарқынды ескерсек, осы мақсатқа бөлінген қаржыны 2023 жылы игеріледі деп болжанды», – деп нақтылады Ұлттық банк.

Айта кетелік, бұл бағдарлама бойынша үй алуға ең көп өтінім Алматы, Астана, Шымкент қалалары және Ақтөбе, Қарағанды облыстарынан түседі.

2022 жылдың 3 қарашасындағы ақпарат бойынша, банктер 760 миллиард теңге сомасына ипотекалық қарыз берген. Негізі бағдарламаға 1 триллион теңге бөлінген.

«Бағдарламаның нақты аяқталу мерзімі белгіленбеген. Бағдарлама шарты бойынша халыққа несие беру бойынша бөлінген қаражат толық игерілгенге дейін жалғасады»,  – деп жазылған Ұлттық банк ақпаратында.

Бір баспанаға қол жеткізу үшін тиімді мемлекеттік бағдарламалар қажет екені сөзсіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: