Жұма, 23 мамыр, 22:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37,2150
20.05.2025
PDF мұрағаты

7 бала терезеден құлап кеткен

23.05.2025

79 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қызылорда қаласында жыл басынан бері балалар терезеден құлап кеткен 7 дерек тіркелді. Жазатайым оқиға салдарынан олар жарақат алған.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, бұған үлкендердің немқұрайлылығы басты себеп. Терезенің темірмен қоршалмауы, москитті тордың осал бекітілуі және балалардың терезе алдында ойнауы жағдайды күрделендіріп тұр. 

Сондықтан азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Оның ішінде терезелерді ашық, баланы қараусыз қалдырмауды, тиісті қорғағышы жоқ москит торын пайдаланбауды сұраймыз. Терезеге бекіткіш (блокиратор немесе құлып) орнату керек. Терезенің маңына жиһаз қоймау қажет. Балалардың үйдегі қауіпсіздігіне бірінші кезекте ата-ана жауапты, – делінген хабарламада. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: