Сейсенбі, 24 желтоқсан, 22:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

7-сынып оқушысы өз әкесінен жүкті болып қалған

03.05.2024

727 0

Сурет: stan.kz

Қыздың анасы Қазығұрт аудандық полициясына арыз түсірген. Ол 50 жастағы күйеуін өз қызын зорлады деп күдіктенетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды.

Аталған іске қатысты Түркістан олысы полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы Жандос Құлмахан жауап берді.

«Анасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда отыр. Сараптамалар тағайындалды. Барлық жағдайлар анықталып жатыр. Кәмелетке толмаған қыз дағдарыс орталығына орналастырылған, оған тиісті көмек көрсетіледі. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында тұр», – деді тергеу басқармасының басшысы Жандос Құлмахан.

Әйелдің айтуынша, күйеуі қызын 2023 жылдың шілде айынан қыркүйек айына дейін зорлаған. Қыз жүкті болып қалып, мерзімі 27 апта баланы көтеріп жүр.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: