Дүйсенбі, 12 мамыр, 14:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34,2147
10.05.2025
PDF мұрағаты

7 жасар баланы көлік қағып кетті

11.05.2025

54 0

Фото: Видеодан скрин

Алматының Шұғыла ықшамауданында орналасқан Alem City 3 тұрғын үй кешенінің ауласында 7 жасар бала көлік астына түсті. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі қалалық полиция департаментіне хабарласып, істің мән-жайын сұрап білді. 

Оқиға 2025 жылдың 11 мамыры күні күндіз болған. Видеодан екі баланың аулада ойнап жүргенін көруге болады. Осы уақытта олардың бірі жолдың бойына қарай жүгіріп бара жатады. Дәл осы сәтте көлік жүргізушісі балаға қарай қатты жылдамдықпен келіп, оны қағып кетеді. Оқиға басқа балалардың көз алдында болды.

Үйдің терезесінен түсірілген басқа бір видеода оқиға орнына жүгіріп келген ересектердің балаға көмек көрсетуге тырысып жатқан сәті анық көрінеді.

Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің мәліметінше, Changan маркалы автокөліктің жүргізушісі Шұғыла ықшамауданындағы аула жолымен оңтүстік бағытта келе жатып, шығыс бағытта жолды кесіп өтпек болған баланы қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала әртүрлі дене жарақаттарын алып, қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Аталған оқиға бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеу жұмыстарын бастады», – деп хабарлады полиция өкілі Stan.kz тілшісіне.

Баланы көлік қаққан сәттің видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшілік арасында үлкен резонанс тудырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: