Бейсенбі, 06 наурыз, 20:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17, 2130
04.03.2025
PDF мұрағаты

«700 адамға жасайды». Нұрлан имам ауызашардың қадірі кеткенін айтты

06.03.2025

27 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Танымал дінтанушы, көпшілік арасында «тиктокер-имам» атанып кеткен Нұрлан Байжігітұлы қазақтар арасында ауызашар дәстүрінің даңғазалыққа ұласқанын сынға алды. Бұл туралы ол «Алматы ақшамы» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Имамның пікірінше, ауызашардың негізгі мәні қарапайымдылық пен ықыласта болуы тиіс. Алайда соңғы жылдары бұл дәстүр әлеуметтік мәртебені көрсетудің құралына айналған.

Біз ауызашарды жарысқа айналдырып жібердік. Бір күні маған бір облыстың әкімі хабарласып, 700 адамға ауызашар беретінін айтты. Мен одан: «Сізге жарнама керек пе?» деп сұрадым. Ол «жоқ» деді. Бірақ бізде шенеуніктердің ауызашар беруі мақтаныш пен бәсекеге айналып барады. Халық бұл дастарханға қарап отырған жоқ. Сондықтан оның негізгі мәнін ұмытпауымыз керек, – дейді имам.

Сонымен қатар Нұрлан иман кейбір адамдардың ауызашар жасау үшін қарызға бататынын да атап өтті.

Бір қарызды жабамын деп, екіншісін мойынға ілудің ешқандай жақсылығы жоқ. Хадисте «ауызашарға бір жұтым су мен құрма болса да жеткілікті» деп айтылады. Дастарханның молдығы емес, ниеттің тазалығы маңызды, – деді ол.

Имамның бұл пікірі қоғамда қызу талқыланып, көптеген азаматтар оны қолдайтындарын білдіруде. Рамазан айында ысырапшылдыққа жол бермей, шынайылық пен қарапайымдылықты сақтау – қазақтың дәстүрімен де, ислам құндылықтарымен де үндесетін қағида.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: