Ведомство басшысы Apple компаниясымен бірге көпшілікті алаңдатқан мәселенің шешілгенін айтты.
Халықаралық кодтарда түсетін қоңыраулар бұдан былай «Қазақстан» деп көрсетіледі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Енді «+77» және «+76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі, бұған дейін «Ресей Федерациясы» деген жазу шығатын.
Ведомство басшысы Apple компаниясымен бірге көпшілікті алаңдатқан мәселенің шешілгенін айтты.
«Енді «+77» және +76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі. Apple өтінішімізді барынша жылдам қарастырып, бізге ықылас танытқанын атап өткім келеді. Сөйтіп iOS 14 қолдайтын iPhone 6 және одан кейінгі құрылғыларда аталған проблема шешілді», – деп жазды министр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!