Адам өмірінде бала күнгі естеліктің орны бөлек. Менің құрбымның есімі – Нәзира. Ол – менің әкемнің ағасының қызы. Талай қызық басымыздан өтті. Бір күні тығылмақ ойнап жүріп, мені ұзақ іздеп таппағанға ашуланып, ыстық шымшуырды басып алған. Бүгінде бұл тәтті естелік қана.Балалық шақта ниет таза, риясыз мейірім бар.
Ал адам есейіп, жаңа ортаға аяқ басқанда, жаңа дос табылады. Мен университетке түскен сәтте Ғазиза есімді қызбен таныстым. Танысуымыз да ерекше еді.Баспалдақтан құлап түскенде ол жаныма жүгіріп келіп, халімді сұраған.“Жарақат алмадың ба?” деген жылы сөзі сол сәтте жүрегіме жақын тиді. Ғазизамен кейін “Жігер” дәмханасында бірге тамақтаып, жатақханада бір бөлмеде тұруға келістік. Осылайша екеуміздің достығымыз күтпеген жерден басталды. Ол қиын сәтте демеу болып, қуанышымды бөлісті.. Екеуміз бір-бірімізге тез бауыр басып кеттік. Оның сенімі мен жанашырлығы менің жаңа ортада өзімді еркін сезінуіме көмектесті.
Балалық шақтағы досың – өткеніңнің сәулесі, ал ересек шақтағы дос – бүгінгі күнің мен болашағыңа бірге қадам басатын серігің. Екі кезеңнің де достығының айырмашылығы бар; Бірінде аңғалдық пен риясыз күлкі басым болса, екіншісінде түсіністік пен қолдау маңызды рөл атқарады. Бірақ екеуінің түпкі мәні – сенім мен шынайылықта. Өмір жолында сені түсінетін, бірге жүрген, тағдырыңа ортақтас адам табу – кез келген жанға бұйыра бермейтін үлкен бақыт. Сондықтан қай кезеңнің досы болса да, олардың қадірін түсініп, естеліктерін жүректе мәңгі сақтау – нағыз достықтың белгісі.
Аймерей НҰРЛАН,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
Журналистика мамандығының 1-курс студенті
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!