Сейсенбі, 24 желтоқсан, 04:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

8,5 мыңға жуық қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

28.06.2024

687 0

Сурет: Н.Нұржаубай

8,5 мыңға жуық қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы жылдың басынан бері 8 476 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға берілетін арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға барлығы 9 255 адам өтініш білдірген.

Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 2 840 адам жүгінді, оның ішінде 2 730 адамға тағайындалды.

Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 6 415 адам өтініш білдіріп, оның 5 746-сына тағайындалған.

Сондай-ақ, 369 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтуде, 68 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 342 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды.

Аумақтар бойынша арнаулы әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағанды ​​(2 көзден – 492 адам, 4 көзден – 1 166 адам), Қостанай (2 көзден – 318 адам, ал 4 көзден – 876 адам) және Шығыс Қазақстан (2 көзден – 248 адам, ал 4 көзден – 882 адам) облыстарында тіркелген.

Бұрын хабарланғандай 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.

Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарттар болып табылады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады, – делінген хабарламада.

БЖЗҚ деректері бойынша арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін міндетті шарттарды ескере отырып, оған 2024 жылы 37 мыңнан астам жұмыскер үміткер бола алады, жалпы төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгеден асады. Әрбір жұмыскер үшін төлем мөлшері БЖЗҚ-дағы жинақтарына байланысты болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: