Бейсенбі, 26 желтоқсан, 08:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

8-қабаттан қызды қағып алған ер адамға блогер үй алып бермек

11.05.2022

1133 0

Нұр-Сұлтанда 8-қабаттан қызды қағып алған ер адамға блогер Дәулет Төлеутайұлы (Dauletten) Қызылордадан үй алып бермек, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өз өмірін қатерге тігіп, кішкентай қызды құтқарған 36 жастағы Сәбит Шонтақбаев 4 баланың әкесі. Қызылордада 14 жылдан бері пәтер жалдап тұрады.

– Сәбиттің туған жері Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы. Қазір бала-шағасы, әйелі Қызылордада 14 жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрады. Өз үйлері жоқ. Бұйырса біз үй алып береміз, – деді блогер.

Қазір блогер @batyr_bloger өз оқырмандарымен Сәбиттің 450 мың теңге қарызын жауып беруге ақша жинап жатыр.

– Сәбит 15 күн бұрын ғана жұмыс іздеп Нұр-Сұлтан қаласына келген. Келіншегі, бала-шағасы Қызылордада қалған. Төрт баласы бар. Басында баспанасы жоқ. Осында жігіттермен пәтер жалдап тұрып жатыр. Каспийім арестте дейді. 450 мың қарызы бар екен, – деп жазған ол Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, оқиға Нұр-Сұлтанда болған. Ер адам 8-қабаттың терезесінен құлаған қызды құтқарып қалды.

Өз өмірін қатерге тігіп, кішкентай қызды құтқарған 36 жастағы Сәбит Шонтақбаев оқиғаның мән-жайын айтып берді.

– Мен Қызылордадан жұмыс істеуге келгенмін. Құрылысшы болып, әртүрлі жұмыс істеймін. Балаларымды бағуым керек. Отбасым Қызылордада тұрады. Үй жалдап, осында жұмыс істеймін, – деді Сәбит Шонтақбаев өзінің сұхбатында.

Ер адам жұмысқа асығып бара жатып, шығар алдында сегізінші қабатта терезеден асылып тұрған қызды көргенін айтты.

– Мен терезеден ұстанып, асылып тұрған баланы көрдім. Жалғыз ой оны құтқару болды. Сол сәтте өзімді ойлай да алмадым, – деді ол.

Ер адам ептілігі мен дене бітімі әскери карьерасына байланысты екенін түсіндірді. Бұған дейін Сәбит Шонтақбаев шекарашы болып жұмыс істеген.

– Әйелім видеоны көріпті, жарайсың деді. Қыздың ата-анасын көрмедім. Жұмысқа асығып бара жатқанмын, оны құтқарып, жетінші қабаттағы көршісіне тапсырдым. Сосын жұмысқа кеттім, – деп қосты ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: