Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 16:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

840 мыңға жуық Қазақстандық әлеуметтік төлем алды

22.04.2024

539 0

Сурет:baq.kz

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша МӘСҚ-тен 840 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) 840 мыңға жуық қазақстандық 215,2 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер алды.

Еңбекке қабілеттіліктен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем бюджет қаражаты есебінен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. МӘСҚ-тен төлем медициналық-әлеуметтік сараптамада белгіленген 30%-дан 100%-ға дейінгі дәрежеде және еңбек қызметін жалғастыруына қарамастан жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалту кезеңінде жүзеге асырылады.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бұл төлемді 11,5 млрд теңге сомасына 90 мыңнан астам адам алды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31% – ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 57 346 теңгені құрады.

Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған адамдарға бюджет қаражаты есебінен төленетін асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысына қосымша тағайындалады. МӘСҚ-тен төлем асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысанында оқыған жағдайда 23 жасқа дейін төленеді.

Есепті кезеңде көрсетілген төлемді асыраушысынан айырылған 61,2 мың отбасы 8,6 млрд теңге сомасына алды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39%-ға көп. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 58 543 теңгені құрады.

МӘСҚ-тен жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға оның жұмыстан шығарылу себебіне қарамастан тағайындалады. Негізгі шарт – жұмыссыз ретінде тіркелу. Төлем мөлшері жұмыссыз ретінде тіркелгенге дейінгі соңғы 2 жыл ішінде МӘСҚ-ке әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа, жүйеге қатысу өтіліне және табысты ауыстыру коэффициентіне (45%) байланысты.

2024 жылдың 3 айында бұл төлем 18,3 млрд теңге сомасына төленіп, оны 122,6 мың адам алды, бұл 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы алушылар санынан 2 есе дерлік асып түсті. Өсім азаматтардың Электрондық үкімет және Электрондық еңбек биржасы порталдары, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлемге өтініштер берудің электрондық нысанына сұранысқа байланысты. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері – 65 402 теңге.

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлем жүктілік және босану бойынша демалыстың барлық күніне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілікке және босануға байланысты демалыс күніне дейінгі соңғы 12 айда МӘСҚ-ке әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады. 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бұл біржолғы төлемді 65,8 мың болашақ ана жалпы сомасы 81,9 млрд теңгеге алды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19%-ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 460 282 теңгені құрады, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем баланың туған күнінен бастап әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ке әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды. Екі және одан да көп бала туған кезде төлем әрбір балаға жеке тағайындалады.

2024 жылдың 3 айында бұл төлем 67 мың адамға тағайындалды, оның ай сайынғы орташа мөлшері 79 106 теңгені құрады. Төлем 94,9 млрд теңге сомасына жүргізілді, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,8 есе көп.

Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау жұмыс істемейтіндерге қарағанда әлдеқайда жоғары.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: