Сәрсенбі, 22 қазан, 17:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

85 мың теңге ештеңеге жетпейді, ең төменгі жалақы 150 мың теңге болуы керек

22.10.2025

54 0

Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Қазақстандағы ең төменгі жалақы көлемінің тым төмен екенін сынға алды. Оның айтуынша, қазіргі 85 мың теңге шын мәнінде халықтың өмір сүруіне жетпейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ең төменгі жалақы 85 мың теңге – бұл нақты сома. Бұл – жай ғана статистикалық көрсеткіш емес. Қазіргі таңда елімізде шамамен 1 миллион 100 мың азамат дәл осы деңгейдегі айлықпен күн көреді. Бұл – Қазақстан халқының 10 пайызға жуығы, ал экономикалық белсенді халықтың шамамен оннан бірі. Сондықтан бұл мәселе жай сөз емес, – деді депутат.

Мұқаевтың айтуынша, үкімет жалақыны көтеруден бұрын инфляцияны тежеу тетіктерін нақты ұсынуы керек. Себебі инфляция деңгейі ресми түрде 12,9 пайызға жеткен.

Ұлттық банктің инфляциялық мақсаты – 5 пайыз. Бірақ ол меже 2025-2026 жылдары да орындалмайтыны анық. Сондықтан ең төменгі жалақыны көтеру керек деген ұсыныстар беріліп жатса да, өкінішке қарай, келесі жылы ол сол күйі 85 мың теңге болып қала береді, – деді ол.

Минималды жалақыны кім алады?

Депутаттың мәліметінше, үкімет пен кейбір шенеуніктер ең төменгі жалақыны тек «біліктілігі төмен адамдар алады» деп есептейді. Мұқаев бұл пікірмен ішінара келісетінін, бірақ мәселенің тереңде екенін атап өтті.

Иә, біліктілігі төмен мамандар алуы мүмкін. Бірақ оларды оқыту, қайта даярлау – үкіметтің міндеті. Жыл сайын оларды “біліксіз” деп ысырып тастай беруге болмайды. Колледждерге, жұмысшы мамандықтарға оқыту курстарын ұсыну қажет. Өкінішке қарай, мен дәл қазір ондай нақты мемлекеттік шараларды көріп отырған жоқпын, – деді депутат.

85 мың теңге жеткіліксіз – нақты қанша болу керек?

Депутаттың айтуынша, халықаралық тәжірибеде ең төменгі жалақы медианалық жалақының 50 пайызы деңгейінде болуы керек.

Қазіргі таңда Қазақстанда бұл көрсеткіш екі есе төмен. Медианалық айлықты негізге алсақ, ең төменгі жалақы 150-160 мың теңге шамасында болуы керек еді, – деп түйіндеді Дәулет Мұқаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: