85 жастағы әже ауласында жүрген жыланды жалаң қолымен құйрығынан ұстап алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған видеода кейуана ауласында жүрген жыланды қолымен құйрығынан ұстап, пластик бөтелкеге салып жатқаны көрінеді. Әженің қасында жүрген немерелері бұл сәтті қызықтап, бақылап тұрған.
Мына күнге көлеңкелеп келеді ғой, – дейді батыр әже.
Жазба авторы Жамико Бегалықызы әженің кім екенін келесідей таныстырыпты.
Ұлы Отан соғысының батыры Қарсыбай Спатаевтың жалғыз қызы — өзі ержүрек апамыз. Руы да, өзі де — БАТЫР, – деген ол жазбасында.
Ал бейнежазбаны көрген желі қолданушылары жылы лебіздері мен таңданыстарын білдіруде.
Қай жақта? Апам ер екен, құйрықтан ұстап алып жүр. Көпті көрген кісі екен, өмір жасы ұзақ болсын, – деп пікір қалдырды Сұңқар есімді қолданушы.
Аман болсын, осындай батыр апаларымыз азайып барады. Алла күш-қуат берсін әжемізге, – деп жазды тағы бір желі қолданушы Диас.
Оны жібердіңіздер ме? Обал ғой, өліп қалмады ма? – деп алаңдаушылығын білдірді Балнұр Айтақуанова есімді қолданушы.
Кейуананың бұл әрекеті көпшілікті тәнті етіп, әлеуметтік желіде қызу талқылануда.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!