Бейсенбі, 14 тамыз, 12:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60,2173
12.08.2025
PDF мұрағаты

85 жастағы талапкер ҰБТ тапсыруға келген

14.08.2025

69 0

Фото: Instagram.com/testcenterkz

Алматы қаласында өткен тамыз айындағы ҰБТ-ға ерекше қатысушы келді. 85 жастағы Нұрихан апа жастық шағынан бері қол жетпеген арманын орындап, университетке түсу үшін ҰБТ тапсырып көруді ұйғарған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық тестілеу орталығы таратқан мәлімет бойынша, Нұрихан апа бар ғұмырын бала тәрбиесіне арнап, жоғары білім ала алмаған. Биыл ақ жаулықты ана оқуға түсу үшін тест тапсырып көруге бел буыпты. Жақындарының қолдауымен ол ҰБТ-ға тіркеліп, көптен күткен сәтке жетті.


«Тестілеу күні балалары демеуші болып жанынан табылды. Емтихан басталар алдында Нұрихан апа талапкерлерге ақ батасын беріп, «Оқу мен білімге ұмтылу – ешқашан кеш емес» екенін жүрекжарды тілегімен жеткізді. Бұл жолы компьютермен жұмыс істеу дағдысының жоқтығы тест тапсыруға кедергі болды», – делінген тестілеу орталығы хабарламасында.

Дегенмен Нұрихан апа компьютерді үйреніп, келесі жылы қайта келуге ниетті екенін айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: