Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 16:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

9 мамыр – Жеңіс күнімен облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың құттықтауы

08.05.2021

2335 0

Қымбатты соғыс және тыл ардагерлері!

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы асқақтап, Жеңіс жалауы желбіреген күн! Осы күні сұрапыл соғыста опат болған, дүниеден өткен жауынгерлерімізді еске алып, арамызда жүрген майдангерлеріміздің алдында бас иеміз.

«Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» қанды соғыс жылдарында қазақстандықтар майданның алдыңғы шебінде болуымен бірге тылдағы эко­номиканың да қуатты тірегіне айналды.Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей: «Біз аға буынның алдында шексіз қарыздармыз және олардың ерліктерін мақтан етеміз!», Мемлекет басшысы, Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай: «Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеп, зұлмат соғыстың зардаптарын ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз!».

Тәуелсіздігіне 30 жыл толған еліміздің өркендеуіне өз үлестеріңізді қосып, бүгінгі күні жасалып жатқан игі істерге ақ баталарыңызды беріп, ұрпақтарыңыздың аман-саулығын тілеп келесіздер.Уақыт алға жылжыған сайын қатарларыңыз сирегенімен, ерліктеріңіздің шоқтығы биіктеп, қадір-қасиеті арта түсуде.Біз «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды», – деген ұранды ұстанған елміз. Жаңа буын жас ұрпақ аға буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан, батырлық пен батылдықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Отбасыларыңызға бақ-береке, амандық тілеймін! Ұрпақтарыңыздың қуанышын көріңіздер!

Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

Тәуелсіз Қазақстан жасасын!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: