Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 21:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

9 жасар қыз үйінде өзіне қол салған

28.08.2024

669 0

Фото: Darminaopel.ru

9 жасар қыз бөлмесінде өзіне қол салған. Оқиға Көкшетауда орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

26 тамыз күні Көкшетауда көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан 3-сынып оқушысы үйде асылып қалған. Ол қазанда 10 жасқа толар еді.

Баланың денесін әкесі бөлмеден тауып, ауруханаға апарған. Десе де, оны құтқарып қала алмады. Кішкентай қызды мұндай қадамға не итермелегені белгісіз. Сондай-ақ қыз ешқандай емханаға тіркелмеген.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға түсініктеме берді.

«Полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жарияланбайды», – делінген ведомство хабарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: