15 наурыз күні өткен республикалық референдумда №96 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Учаскеге алғашқы болып 87 жастағы кент тұрғыны Әбдіразақ Пірмағамбетов келіп, өз таңдауын жасады.
Ақсақал референдумға қатысу – әрбір азаматтың азаматтық борышы екенін атап өтті. Оның айтуынша, ел болашағына бейжай қарамай, маңызды шешімдерге өз үлесін қосу әр адамның міндеті.
– Еліміздің ертеңі жарқын болсын деп дауыс беруге келдім. Осындай маңызды сәтте халықтың бірлігі мен белсенділігі өте маңызды, – деді Әбдіразақ Пірмағамбетов.
Осылайша, №96 сайлау учаскесінде дауыс беру үрдісі алғашқы сайлаушыдан басталып, тұрғындар өз азаматтық позицияларын білдіру үшін белсенді түрде қатысуда.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
