Депутат Астанада 1 келі картоп 485 теңге болғанын айтты.
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев азық-түлік бағасы шарықтап бара жатқанын сынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қымбатшылық бетімен кетіп барады. Ал антимонополиялық комитет жұмысы – 0. Осы кезге дейін келісі 150-180 теңгеден еді. Қымбаттағаны картоп қана емес. Өспей жатқаны айлық қана…», – деді ол.
Мұқаевтың сөзінше, Қазақстанда орташа жалақының 52-56 пайызы тек азық-түлікке кетіп жатыр.
«Экономикасы нашар Африка елдерімен пара-пар: Нигерия елі – 59%, Мьянма – 56,6%, Кения – 56,1%, Бангладеш – 52,7%, Лаос – 50,6%, ал Ангола – 49,7% жұмсайды. 105 елдің ішінде соңғы қатардамыз. Ал АҚШ орташа айлықтың – 6,7%, Сингапур халқы болса – 8,4%, ұлыбританиялықтар – 8,7% ақшасын тамаққа жұмсайды. Соғыс болып жатқан Ресейдің өзінде – 29%, ал Украинада – 41,6% екен. Сонымен қатар Беларусь халқы – 32,1%, Түрікменстан – 36,9%, ал өзбектер – 46,5% ақшасын азық-түлікке жаратады», – деді депутат.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!