Сәрсенбі, 17 желтоқсан, 17:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96 (2208)
16.12.2025
PDF мұрағаты

Абай мұрасы – ұлттық сананың темірқазығы

17.12.2025

52 0

Фото: Ашық дереккөзден

Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының рухани әлемін жаңа деңгейге көтерген, ұлттық ойлау жүйесін терең философиялық мазмұнмен байытқан ұлы тұлға. Оның шығармашылығы мен ой-толғамдары тек бір тарихи кезеңнің шеңберінде ғана емес, бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абай мұрасы – адамгершілікке, әділетке, білім мен жауапкершілікке негізделген тұтас ілім.

Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінде адам болмысының ішкі әлемі, мінез-құлық, ар-ождан, еңбек, талап, ақыл секілді құндылықтар терең талданады. Ол адамды тек сыртқы әрекетіне қарап емес, ішкі ниеті мен сана деңгейі арқылы бағалауды ұсынды. Бұл ойлар қазіргі құқықтық мемлекет құру жолындағы қоғам үшін аса маңызды. Себебі заңның үстемдігі тек нормативтік талаптармен емес, әр азаматтың ішкі мәдениетімен, әділетке деген көзқарасымен тікелей байланысты.

Абай «толық адам» тұжырымдамасы арқылы жеке тұлғаның кемелдену жолын көрсетті. Ақыл, жүрек және қайраттың бірлігін сақтай отырып әрекет ету – қоғамда әділдік пен жауапкершілікті қалыптастыратын негізгі қағидат. Бұл ұстанымдар мемлекеттік қызметте, сот жүйесінде және құқық қолдану тәжірибесінде ерекше мәнге ие. Әділ шешім қабылдау үшін тек заңды білу жеткіліксіз, сонымен қатар ар-ұят пен адамгершілік өлшемдері қатар жүруі тиіс.

Ұлы ойшылдың халықты білімге, еңбекке, ғылымға шақыруы – бүгінгі заман талаптарымен толық үндеседі. Абай надандықты, жалқаулықты, немқұрайлылықты қоғам дамуына кедергі келтіретін басты факторлар ретінде сынға алды. Ал адал еңбек пен үздіксіз ізденісті өркениетті ел болудың негізі деп білді. Бұл идеялар қазіргі жастардың дүниетанымын қалыптастыруда, кәсіби жауапкершілікті арттыруда маңызды бағдар болып табылады.

Абай мұрасы – ұлттық рухты жаңғыртатын, қоғамдық сананы тәрбиелейтін құнды қазына. Оның ойлары адамды өз-өзіне есеп беруге, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге үйретеді. Сондықтан Абай ілімі – өткеннің ғана емес, бүгін мен болашақтың да рухани тірегі. Ұлы ақын қалдырған өнеге мен тағылымды ұғыну – әрбір саналы азаматтың борышы.

Асылбекова Нұргүл Оңталапқызы

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маман сот-отырысының хатшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: