Бейсенбі, 07 қараша, 23:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

«Абайлаңыз, балалар» жедел-профилактикалық шарасы өтуде

02.09.2021

1070 0

Балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 23 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында «Абайлаңыз – балалар!» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балалардың қауіпсіздігі үшін тиісті шаралар қабылдануда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Бауыржан Ибраев хабарлады.

«Балалар – қоғамның ең осал бөлігі. Олардың қауіпсіздігі әрқашан назарда. 2021-2022 жаңа оқу жылында облысымызда орналасқан 294 мектепте 173 735 оқушы білім алады деп күтілуде. Осыған орай, барлық жалпы білім беретін оқу орындарында, сондай-ақ, оған іргелес аймақтарда оқушылар арасында келеңсіз жағдайларды, жол көлік оқиғалардың алдын алу және іс-шара барысында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында облыс бойынша қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барлығы 574 қызметкер және 59 қызметтік автокөлік жұмылдырылуда. Іс-шараға бөлінген қызметкерлерден бөлек жалпы қала орталығындағы қоғамдық орындар мен көшелерде, парктер мен скверлерде, орталық алаңдарда тәртіпті сақтауға тәулік бойына қосымша қызметкерлер қызмет атқаратын болады», – деді Б.Ибраев.

Жедел профилактикалық шарасы 2 кезеңмен өткізіледі. 1-ші дайындық кезеңінде полиция қызметкерлерімен мектептер аумағындағы көше-жол тораптары, жол белгілері мен өткелдеріне тексеру жұмыстарын жүргізеді. Екінші кезеңде жүргізушілерге үгіт насихат акциялары ұйымдастырылады. Оқушыларға жолда жүру ережесі бойынша түсіндіріледі.

Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметінің инспекторларының қатысуымен «Қауіпсіз мектеп автобус» акциясы өткізілуде дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Тұрар Әбдіқадыр. Осыған орай, облыс аумағында балалардың қатысуымен болатын жол-көлік жарақатының алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдер мен балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс тұрысына байланысты дағдыларын нығайту, тұрақты және оқу орындарына тексеру жұмыстары жүргізілді. Автокөліктердің техникалық талаптарын сақталуы және көлік жүргізушілердің біліктілігі талапқа сай тексеріле отырып, жол аппаттарына себеп болуы мен автокөлікті құжатсыз басқару, басшылықтың рұқсатынсыз тыс жерге шығу фактілерінің алдын алу мақсатында профилактикалық- түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, бүгінде облыстағы 294 мектептің 158-де орнатылған 1030 бейнебақылау камералары ішкі істер органдарына тіркелген. Мәселен, Қызылорда қаласында 14 мектептің 420 камерасы жедел басқару орталығына қосылса, ал аудандарда орналасқан 144 мектептің 610 камерасы кезекші бөлімдерде арнайы компьютермен жабдықталған жүйеге қосылған. Қалған 136 орта мектептерді полиция органдарына қосу мәселесі қаралуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: