Сәрсенбі, 10 желтоқсан, 23:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Адалдық пен заңдылық: қоғамның сенімді кепілі

10.12.2025

29 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Аймақта 9-шы желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аясында бір емес, бір-бірін толықтырып, қоғамдағы құқықтық мәдениетті көтеруге бағытталған бірнеше маңызды іс-шара өтті. Солардың бірі А. Тоқмағамбетов мәдениет үйінде өткен «Адалдық пен заңдылық: қоғамның сенімді кепілі» атты кең көлемді форум. Іс-шараның мақсаты – елдегі заң үстемдігін нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру.

Форумға қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абизов, ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мира Бейбітова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің комплаенс офицері Әлібек Жаппасбаев, сондай-ақ жастар ұйымдарының жетекшілері, БАҚ өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Іс-шарада жыл бойы белсенді жұмыс жүргізген мамандар түрлі аталымдар бойынша марапатталды. Форумда айтылған ой-пікірлер мен ұсыныстар әділдік қағидаттарын нығайтуға, азаматтық белсенділікті арттыруға және жастардың бастамаларын қолдауға бағытталған маңызды қадам болмақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: