Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің базасында Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес «АДАЛДЫҚ. ЗАҢ. АШЫҚТЫҚ» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарында ашықтық пен әділдік қағидаттарын енгізу, адалдық құндылықтарын насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту болды.
Семинар-кеңеске Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің комплаенс-офицері Әлібек Жаппасбаев қатысып, білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті.
Іс-шараны Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева модератор ретінде жүргізіп, қатысушыларға адалдық, заңдылық және ашықтық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Басқосу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, жемқорлықтың алдын алу бағытындағы тиімді тәсілдерді талқылады. Сондай-ақ білім беру ұйымдарында комплаенс мәдениетін қалыптастырудың өзекті мәселелері қарастырылды.
Семинар қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі түрде жүргізу және жастар арасында адалдық қағидаттарын кеңінен насихаттау ұсынылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
 
				 
					