Жанып жатқан көліктен жолаушыларды құтқарған азаматтар мемлекеттік марапатқа ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тасжолы бойында болған. Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктері соқтығысып, толығымен өртеніп кетті. Сол оқиға ортасында болған Мұрат Есенқабылов пен Бақытжан Маратұлы жанып жатқан көлік ішінен 10-нан астам жолаушыны қауіпсіз жерге шығарып, құтқарған болатын.
Бүгін Созақ ауданының әкімдігі бейбіт күннің батырларын арнайы қабылдап, алғыс хатпен марапаттады. Әкімдік қызметкерлері қос азаматтың мемлекеттік марапатқа ұсынылғанын да атап өтті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!