Тележүргізуші, продюсер Динара Сәтжан Талғар мәселесі жайлы өзінің әлеуметтік парақшасында жазба қалдырды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«16 желтоқсан қарсаңында Талғар мәселесін әлдебіреулер әдейі қоздырып жатқандай әсерде емессіздер ме?
Әлеуметтік желіде әр жазбамның астына: “Неге үндемейсің? Бірдеңе жаз!” деген пікірлер жиілеп кетті. Тіпті, Талғар туралы пікір білдірмегендерді парақшаларынан «отписка» жасауға шақырған тренд пайда болды.
Дәл осындай жағдай Қаңтар оқиғасы кезінде де болған. Сол кезде көпшілік эмоцияға ерік беріп, желіде наразылық толқыны күшейді. Бұны біреулер әдейі, кәсіби түрде басқарып отырғаны анық.
Біреуге жаңа Қаңтар қажет сияқты… Кімге?!Біз бәріміз Шерзаттың отбасына шын жүректен қайғырып көңіл айтамыз.
Бұл оқиға бәріміздің жүрегімізді ауыртты. Сот әділ әрі ашық өтетініне сенемін.
Іс Салтанаттың жағдайы сияқты қоғамда үлкен резонанс тудырды.Алайда, арандатушылардың жетегіне ермеуіміз керек.
Біздің елімізге БЕЙБІТШІЛІК қажет!», – деп жазды Динара Сатжан.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!