Сенбі, 15 қараша, 16:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87, (2199)
15.11.2025
PDF мұрағаты

Әділет департаменті ЖИ-құқықтық кеңесшіні іске қосты

15.11.2025

54 0

Биыл ҚР Әділет министрлігі «Әділет» порталында жасанды интеллектке негізделген жаңа цифрлық сервис құқықтық кеңесшіні қолданысқа енгізді. Жаңашыл жүйе азаматтарға құқықтық ақпаратты жылдам әрі қолжетімді форматта алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы бойынша Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Ұзақбай Оразгелді хабарлады.

– Жыл басынан бері облыс тұрғындарының құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауатын арттыру мақсатында 1 101 іс-шара ұйымдастырылып, 11 166 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді. Жалпы, биыл департаментке барлығы 1 152 өтініш келіп түсті. Өтініштерге сәйкес 1 081 құжатқа апостиль қойылып, 71 бас тарту берілді. Сондай-ақ, мемлекеттік алым ретінде мемлекеттік бюджетке 2 125 246 теңге түсірілді. Айта кетейік, Әділет департаменті ресми құжаттарға апостиль қою жұмыстарын бүгінгі таңда «электрондық үкімет» порталы арқылы жүргізуде. Осы аталған мемлекеттік қызмет 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Зияткерлік меншік құқығын сақтау және қорғау саласы бойынша жүргізілген тексеру мен әкімшілік істер бойынша түскен өтініштер негізінде 5 субъектіге тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, құқық бұзушылықтар анықталып, әкімшілік іс қозғалды,- деді Ұзақбай Оразгелдіұлы.

– Әділет департаментінің басты бағыттарының бірі – алимент төлемдерін өндіру. Осы бағыт бойынша биыл жеке сот орындаушыларының өндірісінде 12 996 атқарушылық іс жүргізілуде. Есепті кезеңде жеке сот орындаушыларының орындауында мемлекет кірісіне өндіру санатындағы 72 279 атқарушылық іс жүргізу болды. Оның 33 898-і аяқталып, 17 719-ы нақты орындалды. Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау үшін биыл 96 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 74 жеке сот орындаушысына тәртіптік шара қолданылды,- деді Қызылорда облысы бойынша Әділет департаментінің сот орынлаушыраның қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Жандос Абсат.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: