Сейсенбі, 26 қараша, 14:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Әйел адам әткеншекте отырған баланы ұрып жіберген

30.07.2024

324 0

Сурет: massaget.kz

Ақтауда ойын алаңдарының бірінде әйел адам әткеншекте отырған баланы ұрған. Оқиғаны сол маңдағы куәгерлердің бірі вдеоға түсіріп алған, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Видеода ашулы әйел адам әткеншекте отырған баланың қасына жақындап келіп, шапалақпен ұрғанын көруге болады.

Ізінше кішкентай баланың екі қолынан қатты ұстап алып, сілкіген. Кейін баланы күшпен сүйреп, кішкентай қыз баланың қасына алып келеді. Ал ол қыз баланы итеріп жібереді. Өңірдің полиция департаменті әйел адамның жеке басы анықталғанын хабарлады.

«Ол қоғамдық бөгде адамға тиіскені үшін ҚР ӘҚБтК 499-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әйел адамға 5-пен 10 АЕК-ке мөлшерінде айыппұл салынады», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: