Топ-баннер2

Дүйсенбі, 09 наурыз, 10:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

«Әйел – тіршіліктің тұмары» атты мерекелік кеш өтті

08.03.2026

80 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Әйел – тіршіліктің тұмары» атты мерекелік салтанатты кеш өтті.

«Әйел – тіршіліктің тұмары» атты мерекелік кеш өтті

Салтанатты шара нәзіктік пен мейірімге, аналық махаббат пен әйел затының қоғамдағы айрықша рөліне арналған әсерлі прологпен басталды.
Кеш барысында ҚР Мәдениет саласының үздіктері Ләйла Нәсімханова, Индира Елубаева, Үкітай Ерниязов бастаған мәдениет майталмандары мен жас өнерпаздар аналар мен аруларға арналған әсем әндер мен көркем билерін тарту етті.

«Әйел – тіршіліктің тұмары» атты мерекелік кеш өтті

Концерттік бағдарламада композитор Кеңес Дүйсекеевтің «Анаға хат» әні, халық әндері, жыраулық дәстүрден үзінділер, сондай-ақ жерлес композитор Сәбит Ұлықпанұлының туындылары орындалды.

«Әйел – тіршіліктің тұмары» атты мерекелік кеш өтті

Көрермендерге ерекше әсер сыйлаған кеште ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақжол Түменбай жүрекжарды жырларын оқып, шығармашылық атмосфераны одан әрі байыта түсті.
Өнер мен сөз тоғысқан кеш көрермендерге көктемнің жылы лебіндей әсер сыйлап, қала өнерпаздары ұсынған мерекелік бағдарлама аналар мен аруларға деген шексіз құрметтің көрінісіне айналды.
Ардақты аналар, аяулы әжелер, көктем келбетті арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа шаттық, әр жүрекке жылу, әр күнге қуаныш тілейміз.

«Әйел – тіршіліктің тұмары» атты мерекелік кеш өтті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: