Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Әйелдердің ешқандай құқығы болмайды – дінтанушы Елнар Берікбаев

16.01.2024

944 0

Сурет: massaget.kz

Мәдениеттанушы әрі дінтанушы Елнар Берікбаев Қазақстанға қауіпті деп саналатын ұйымдардың түпкі мақсаты не екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Берікбаевтың сөзінше, елімізде мұндай радикал әрі жат ұстанымдағы азаматтар бар. Олар әртүрлі бағыттарда өздерінің шағымдарын айтып жүр. Түпкі ойлары біреу ғана.

«Қазақстанда «Әл-Қағида» (Әл-Қаида), «Таблиги жамағат», «Джебхат ан Нусра» және осы секілді тағы басқа ұйымдарға тыйым салынған. Олардың мақсаты – теократиялық, шариғатқа бағынатын мемлекет құру. Олар билікке келген жағдайда, біріншіден, діни ұстанымын ауыстырған адам өлім жазасына кесіледі.

Құдайға тіл тигізгендер де (Сауд Арабиясында бар заң) өлім жазасына кесіледі. Ең қызығы, бұл заңдар әлі күнге дейін жұмыс істейді. Әйелдердің ешқандай құқығы болмайды. Мектепте білім алмайды, жеке дамуына шектеу қойылады. Өздеріңіге мәлім, жемқорлыққа барған адамдардың қолы шабылады. Бұл заң біреулерге ұнауы мүмкін, бірақ ондай мемлекет даму жағынан толығымен артқа кетеді», – дейді Елнар Берікбаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: