Сенбі, 22 ақпан, 09:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№14,2127
22.02.2025
PDF мұрағаты

Әйгілі әнші Димаш Құдайберген Антикорға елдегі жемқорлықпен күресуге көмектеседі

21.02.2025

155 0

Фото: Антикор

Қазақстандағы жемқорлықпен күресуге енді әйгілі әнші Димаш Құдайберген де көмектесетін болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Асхат Жұмағали халық әртісімен кездесті. Ведомство басшысы мен өнер иесінің кездесуі жәй әңгіме форматында ғана өткен жоқ, олар өнердің жемқорлыққа тосқауыл қоюға қалай ықпал ете алатынын  талқылады, – деп хабарлайды kz.kursiv.media.

Димаш Құдайберген Антикор басшысымен не туралы сөйлесті?

Агенттік төрағасы өнер жұлдызына жемқорлықтың алдын алу бойынша жасалып жатқан жұмыстар және  онымен күресуде қандай замануи әдістер қолданылатыны жайлы түсіндірген. Сондай-ақ жемқорлықпен күрес мәселесінде өнер саласы оң септігін тигізеді деп санайды.

«Тараптар сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, мәдени және білім беру бастамалары арқылы парасаттылық қағидаттарын насихаттауға бағытталған қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидаттарын ілгерілету шеңберіндегі бірлескен жобаларды талқылады»,– делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламасында.

Әнші де атқарылып жатқан жұмыстарға және болашақтың игілігі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісіне қолдау білдіруге қарсы еместігін жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: