Әке-отбасының тірегі, бала үшін өмірдің ауыр жүгін арқалаушы ғана емес, сенімнің бастауы. Әке тәрбиесі баланың болашақтағы мінезі мен болмысына әсер ететін тәлім мектебі. Мен үшін әкем өмірдегі ең қадірлі, сенімді адам. Қандай жағдай болмасын, ол кісі қамқорлығын аямай келеді. Қазір мен басқа қалада білім алып жүрсем де, оның маған деген мейірімі мен махаббатын күн сайын сезінемін. Кейде телефон арқылы сөйлесіп: «Әке, мені сағындыңыз ба?» десем, үнсіз қалатыны бар. Бұл үнсіздік мейірім мен терең сағыныштың белгісі. Ол кісі мені «сары күшігім» деп еркелетеді.
Әке махаббаты іс-әрекетінен байқалады. Менің әрбір жетістігім әкемнің маған артқан сенімінің нәтижесі. Қиын сәттте әке демеуі, шынайы тілеулестігі биік мақсаттарға жетеледі. Сондықтан өмірімдегі ең маңызды құндылықтың бірі. Қазір алыста жүрсем де, ақылы мен ескертуі жадымда. Әке үмітін ақтау үлкен жауапкершілік. Себебі сенім биікке талпынуға итермелейді. Осы қасиетті өз бойымнан көруге тырысамын. Әке мен ананың амандығы мен үшін үлкен бақыт. Олар менің тірегім, жүрек қуатым. Сол тәрбиенің арқасында өз болашағыма сеніммен қараймын. Сондықтан әр баланың ертенгі тағдырының іргетасы әке тәрбиесімен каланатынын ұмытпауымыз керек.
Аймерей НҰРЛАН,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
Журналистика мамандығының 1-курс студенті
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!