Сейсенбі, 16 желтоқсан, 19:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96 (2208)
16.12.2025
PDF мұрағаты

«Әке тағылымы – ұлт тәрбиесінің тірегі» тақырыбындағы облыстық әкелер форумы өтті

16.12.2025

63 0

Фото: Өңірлік Коммуникациялар қызметі

Бүгін «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясында «Әке тағылымы – ұлт тәрбиесінің тірегі» тақырыбындағы облыстық Әкелер форумы өтті. Аталған іс-шара отбасылық құндылықтарды нығайтуға, әкенің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ ұлттық тәрбие мен ұрпақ сабақтастығын кеңінен насихаттауға арналды.

«Әке тағылымы – ұлт тәрбиесінің тірегі» тақырыбындағы облыстық әкелер форумы өтті


Форум жұмысына қоғам белсенділері, ардагерлер, ата-аналар, жастар және Әкелер кеңесінің мүшелері қатысты. Жиынды «Әкелер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ержан Искендер жүргізіп, форумның мақсаты мен міндеттерін баяндады.

«Әке тағылымы – ұлт тәрбиесінің тірегі» тақырыбындағы облыстық әкелер форумы өтті


Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, мемлекет тарапынан отбасы институтын қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстар жөнінде баяндап, әкенің отбасындағы орны мен қоғамдағы жауапкершілігіне айрықша тоқталды.
Форум аясында еліміздің мақтанышы, бокстан Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының алтын жүлдегері Құлахмет Тұрсынбайдың әкесі, Молдахмет Байменов өз өмірлік тәжірибесі мен отбасылық өнегесі туралы ой бөлісті.
Сонымен қатар «Сыр Медиа» ЖШС директоры Марат Аралбаев отбасы тәрбиесі мен ұлттық рухтың маңызы жөнінде мазмұнды ой қозғады.

«Әке тағылымы – ұлт тәрбиесінің тірегі» тақырыбындағы облыстық әкелер форумы өтті


Ал дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің «Оңалту және киберқадағалау жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің аға маманы, теолог Бақтияр Оспанов өз сөзінде қазіргі жастар арасында дін саласындағы ақпараттық қауіпсіздік пен оңалту шараларының маңыздылығына тоқталып, заманауи сананы қалыптастырудағы әкенің рөлі мен отбасы тәрбиесінің әсерін ерекше атап өтті.
Форум барысында қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, әкелер қозғалысын дамыту, тәрбиелік бағыттағы жобаларды жүйелі түрде іске асыру, сондай-ақ жас отбасылармен жұмысты күшейту мәселелері кеңінен талқыланды.
Форум қорытындысында отбасылық тәрбие мен қоғамдық келісімді нығайту жолында үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды.
Іс-шарада айтылған ой-пікірлер мен ұсыныстар әкелер қозғалысын одан әрі жандандыруға бағытталған маңызды қадамдарға негіз болатыны айтылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: