Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 11:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Әке жолын жалғаған

21.06.2023

868 0

Жаңақорған ауданы  Полиция бөлімінің анықтау тобының аға анықтаушысы Бақытжан Абжалов әке қызметін өзіне аманаттап, сол ізбен келе жатқан құқық қорғау саласының білікті маманы. Бұл салада әке жолын жалғаған қызметкерлер көп емес, бірақ Бақытжанның бұл ісі көпке өнеге, өзіне артылған жауапкершілік жүгін арқалаған жан.Бүгінгі қоғамда құқық қорғау саласында жүру, жауапкершілікті көтере білу үлкен міндетті жүктейді. Қоғам тынышын күзетіп, тұрғындар талап-үдесінен шығу бір бөлек, ең бастысы қызметке адалдық таныту сынға татиды. Біздің кейіпкеріміз әкесі салған жолмен жүріп, бөлімде ерен еңбегімен еленіп келеді. – 1989 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қыркеңсе ауылында дүниеге келдім, 1996 жылы Жаңақорған ауданы, Шалхия кентіндегі №86 қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап, 2007 жылы қанат қақтым. Менің бұл салаға келуім бала кездегі арманым десем болады. Өйткені кішкентайдан әке тәрбиесін көріп, сол салған ізбен жүріп келемін. Әрине қызметіммен мақтанамын, – деп сөз бастады. Ол 2007 жылы Алматы қаласындағы ІІМ-нің Академиясына жедел-криминалистикалық тобына оқуға түсіп, 2011 жылы «құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Отан алдындағы міндетін өтеп келіп, мамандығы бойынша аудандық полиция бөліміне қызметке орналасады. Бақытжан туралы басшылық құрам оның білікті кадр деп біледі. Әке тәрбиесін алған ұл елге осылай қызмет етіп келеді.– Жұбайы Асемай Жақсылыққызы екеуі ұл-қыз өсіріп отырған отбасы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: