Сәрсенбі, 19 қараша, 12:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Әкелер де декреттегі уақыт үшін «стаж» жинай алады: Қазақстанда өзгеріс ұсынылды

19.11.2025

38 0

Фото: BAQ.KZ

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов палатаның жалпы отырысында таныстырылған заң жобасында бірқатар маңызды әлеуметтік нормалар қарастырылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың сөзінше, түзетулердің бірі – бала күтімі кезеңіне қатысты құқықтық теңсіздікті жою. Қазіргі қолданыстағы жүйеде жұмыссыз ана үш жасқа дейінгі баланы бағып үйде отырса, бұл уақыт оның еңбек өтіліне есептеледі. Алайда дәл осы құқық әкелерге берілмеген.

Біз бұл теңсіздікті жоюды ұсынамыз. Егер заң қабылданса, бала күтімімен әке отырған жағдайда, бұл кезең оның еңбек өтіліне қосылады. Бұл – тек әлеуметтік әділеттілік емес, қоғамдағы отбасылық рөлдер мен ата-аналық жауапкершіліктің теңдігін қалыптастыруға бағытталған қадам, – деді Аймағамбетов.

Ол ұсынылып отырған нормалардың әрқайсысы тек техникалық түзету емес, әділдікке жасалған маңызды қадам екенін атап өтті. Депутат заң жобасын бірінші оқылымда қолдауды сұрады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: