Отандық әнші Ақерке Бүркітбай көпшілікке анасы мен бауырларын көрсетті. Өнер иесі өмірден өткен әкесін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Әр қуанған сәтімізде «Әкеміз жанымызда болғанда ғой» деп отырамыз. Тағдырдың жазғанына шара жоқ, көнеміз. Тек дұға оқып, садақа беріп, құран оқып тұру қолымыздан келеді. Әкемнің өмірі қысқа болса да, керемет өмір сүрді. Жақындары мен дос-жараны куә, өмірі мен жасаған істері бәрімізге үлгі. Енді анамыздың амандығын тілейміз. Барымызды беріп, тек қуантқымыз келеді. Балаларының қызығын, бақытын көрсе екен дейміз. Төрт бауырым бар, Аллаға шүкір. Әрқайсысының аяққа тұрып, өмірден өз орнын тапқанын қалаймын», – деді Ақерке Бүркітбай Instagram парақшасындағы жазбасында. Айта кетейік, видеодан Ақерке Бүркітбайдың үш сіңлісі мен бір інісін және анасын көруге болады. Ал желі қолданушылары Ақерке Бүркітбайдың отбасына жылы лебіз білдірді. «Анаңыз бір-біріне ұқсамайтын сұлуларды өмірге әкеліпті», «Сізді үйдің жалғыз қызы деп ойладым», «Анаңызға ұзақ ғұмыр тілеймін», «Анаңыз ұл-қызының қызығын көрсін», «Қандай керемет отбасы», – деп жазды желідегілер.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!