Сәрсенбі, 14 қаңтар, 06:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№3 (2215)
13.01.2026
PDF мұрағаты

Әкесі 4 айлық сәбиді ұрған

28.04.2025

566 0

Фото: ALASH.KZ

Павлодар облысындағы бала құқығы жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенева небары төрт айлық ұлдың осы аралақта әкесінен қатты таяқ жеп, екі рет ауруханаға түскенін мәлім етті, деп хабарлайды ALASH.KZ .

«2025 жылдың 19 наурызынан бері Жетімдер үйінде жатқан төрт айлық балаға барып, денсаулығын көріп қайттым. Ол наурызда Облыстық балалар ауруханасынан шыққан еді. Себебі, екі рет қатты жараланып, ауруханаға түскен», – деп жазды Шакенева.

Оның айтуынша, қазір баланың денсаулығы жақсарған.

«Баланың заңды өкіліне қатысты Қылмыстық кодекстің 106 бабы, 2-тармағы бойынша, яғни, қауқарсыз күйдегі баланың денсаулығына қасақана ауыр зиян тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалды. Заңды өкілін ата-ана құқығынан айыру үшін іс материалдарын кәмелет жасына толмаған балалардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа тапсырдық», – деп жазған ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: