Бейсенбі, 14 тамыз, 13:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60,2173
12.08.2025
PDF мұрағаты

Әкімдік ғимараты өртеніп кетті

14.08.2025

57 0

Фото: kursiv.media

14 тамызға қараған түні Шымкент қаласындағы Абай аудандық әкімдігінің ғимараты өртке оранды. Өрт ғимарат шатырынан шыққан. Өрт сөндіру кезінде әкімдік ғимараты орналасқан Тәуке хан даңғылы көшесінде қозғалыс уақытша тоқтатылды, – деп хабарлайды kursiv.media.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, өрт туралы хабарлама түнгі сағат 03:19 шамасында түскен. Өрттің жалпы көлемі 1200 шаршы метрге жеткен. Өрт таңсәріде сағат бес жарым шамасында толық сөндірілген.

Өрттен зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

«Өртті сөндіруге Шымкент қаласы 21 бірлік техника және жеке құрамнан 88 адам, апаттар медицинасы орталығынан 1 техника, 3 адам, жергілікті атқарушы органнан 2 техника, 2 адам жұмылдырылды» делінген қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хабарламасында.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, өртке байланысты тексеру басталған. Арнайы сараптама тағайындалған

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: