Май ауданы әкімінің қызметтік көлігі павлодарлықтардың қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Іnstagram әлеуметтік желісіндегі пабликтердің бірінде демалыс күні Вatyrmall сауда-ойын-сауық орталығының жанында көзге түсіп қалған қызметтік көліктің суреті пайда болды.
«Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым салынады! Мұндай заң бұзушылықтарға назар аударған дұрыс!», деп жазады желі қолданушыларының бірі.
Енді бірі «Адамдар қалай түсінбейді?! Ол біздің есебімізден, біз төлеген салықтардың арқасында көлікпен қыдырып жүр», деген пікір қалдырған.
Алайда олардың арасында «Онда тұрған не бар? Ол да адам емес пе?» деген қолдаушыларды да көруге болады.
Бұл жағдайға қатысты Май ауданының әкімдігі түсінік берді.
«Биылғы жылғы 6 маусымда Май ауданының әкімі қызметтік көлікте әлеуетті инвестор «Aport Mall» ЖШС-нің өкілімен іскерлік кездесуге Павлодар қаласына шықты. Бұл инвестициялық директордың өкілімен кездесу болатын. Кездесуде суару және мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды. Алдағы уақытта осы жобаны іске асыру ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Кездесу басқа жерде болды. Вatyrmall-ға кері қайтар жолда су алу үшін соқтық», дейді аудан әкімі Марат Ақтаев.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!