Сенбі, 25 қаңтар, 04:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№6,2119
25.01.2025
PDF мұрағаты

Әкімге талабын орындата алмаған тұрғын өзін өртеді

24.01.2025

113 0

фото: видеодан скриншот

Сұмдық әрекетке барған ер адам шенеуніктен тұрғын үй мәселесін шешіп беруді сұраған. Бірақ талабы орындалмаған, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпарат агенттігі.

Тараз қаласындағы №53 мектептің жанында өзіне от қойған ер адамның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда құтқарушылар қызыл жалынды өшіріп жатқаны көрінеді.

Әкімдік өкілдері азаматтың наркологиялық диспансер есебінде тұрғанын және бұрын сотталғанын хабарлады. Тұрғын білім ұясында қала әкімі Бақытжан Орынбековтың халықпен кездесуіне келген екен. Жиында ол үй кезегін алға жылжытуды талап еткен. Алайда қала басшысы барлығы заң аясында болатынын түсіндіріпті.
Соған ашуланған азамат өз-өзіне қол жұмсаған.

P.S.Өртті дер кезінде сөндірген құтқарушылар тұрғынды аман алып қалды. Қазір істің мән-жайын анықтау үшін ер адам полиция бөліміне жеткізілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: