Дүйсенбі, 20 қазан, 20:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Әкімнің кездесуіне кіре алмаған тұрғындар шу шығарды 

20.10.2025

191 0

Фото: Видеодан скрин

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Іле ауданы Өтеген батыр ауылында халықпен кездесу өткізген. Десе де жиынға шын мәнінде қарапайым тұрғындар емес, мұғалімдер мен мемлекеттік қызметкерлер жиналған. Оған ашуланған жергілікті тұрғындар залда шу шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 17 қазан күні Іле ауданы Өтеген батыр кентінде болған. Облыс әкімінің қатысуымен болатын кездесу басталмай тұрып, тұрғындар шу шығарды. Себебі кездесу туралы олар бір күн бұрын емес, бар болғаны 17 сағат қалғанда білген. Оны  әкімдіктің Instagram парақшасында хабарламаса білмес те едік дейді.

Олардың айтуынша, залды кілең мұғалімдермен толтырған. Недіктен залда қарапайым халық жоқ дейді, жиынға қатысушылардың бірі. 

«Бүгін жиналысқа 4 мектептің мұғалімдерін жинап отыр. Залда қарапайым халық жоқ. Әкіммен кездесу болатыны туралы ақпаратты әкімдіктің Instagram парақшасынан кеш көрдік отырмыз. Егер ол ақпарат шықпаса біз білмейтін де едік. Облыс әкімімен кездесу болатын кезде неге халыққа алдын ала хабарланбайды? Неге мұнда қарапайым халық келмейді? Неліктен бүкіл мұғалімдерді жинап, ауыздарына құм құйып отырғызып қояды. Мәселен, бүгін облыс әкімі келеді деп ауданды қалай тазалап қойған. Түнімен тазалап шықты жұмысшылар. Күнделікті осылай таза болса, әкім ауданымызға күніге келіп тұрса екен», – деді тұрғын Сұлтан Сандуғаш. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: