Жексенбі, 22 желтоқсан, 18:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Әкімнің орынбасары ұсталды

20.07.2023

497 0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты тұтқынға алды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды. 

Бүгін Шымкент әкімі Мақсұт Исаховтың ұсталғаны белгілі болды.  

Қалалық әкімдік пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның ұсталғаны туралы ақпаратты растады. 

«2023 жылдың 20 шілдесінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исаховты ұстады», – делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық қажетті жедел-тергеу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Айта кетсек, Мақсұт Исахов 1974 жылы туған. Еңбек жолын ішкі істер органдарында бастап, кейін Қазақстан темір жолында қызмет атқарған. Сондай-ақ, Исахов ШҚО әкімі аппаратында жұмыс істеген. Ол жерде көлік және жол басқармасының басшысы, содан кейін Өскеменде әкімнің орынбасары болды.

Сонымен қатар Алматыда жолаушылар көлігі мен жол басқармасының,  кейінірек энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды. ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарды.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына 2020 жылдың ақпан айында тағайындалған. Ол құрылыс, коммуналдық шаруашылық, көлік және автожолдар, туризм, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет салаларына жетекшілік еткен. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: