Жалағаш кенті, №129 референдум учаскесінде Гір спортынан жастар арасында әлем чемпионы Төлеген Қайсар республикалық референдумда өз таңдауын жасап, маңызды саяси науқанға белсенді қатысты.
Халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген жас спортшы бұл жолы да азаматтық жауапкершілігін танытып, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауда өз үнін қосты.
Спортшының айтуынша, мемлекет дамуы мен ел ертеңіне қатысты маңызды бастамаларда әрбір азаматтың пікірі мен таңдауы айрықша мәнге ие.
«Ел болашағына қатысты маңызды істе шет қалмай, өз таңдауымды жасау – әр азаматтың парызы деп білемін. Біздің ортақ мақсатымыз – тұрақты әрі жарқын келешек», – деді Төлеген Қайсар.
Жас чемпионның мұндай белсенді азаматтық ұстанымы – жастарға үлгі. Спортта жоғары жетістіктерге жетіп жүрген саңлақтың қоғамдық маңызды шараларға қатысуы елдік мәселелерге бейжай қарамайтын жас буынның қалыптасуына оң ықпал етеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
